БҚО-да жасөспірім қызды пойыз қағып өлтірді

338
09.09.2022 11:00

БҚО-да қайғылы жағдай. Сегізінші қыркүйек күні жасөспірім қызды пойыз қағып өлтірді, деп хабарлайды Turkistanzaman Stan.kz сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Желаево-Орал темір жол өткелінің 1296-шы шақырымында болған. 

Орал полициясының хабарлауынша, 2007 жылы туған қыз белгіленбеген жерден өтіп, оны Қарашаған жұмысшыларына арналған жолаушылар пойызы қағып кетті. 

"Қылмыстық кодекстің 344-бабы, 2-бөлімі (Темiржол, әуе, теңіз немесе өзен көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша тергеу басталды", - деп хабарланды полициядан. 

Сондай-ақ, пойыз машинистінің сау болғаны айтылды. Сараптама тағайындалды.