Алматыда бір тәулікте 4540 адам вакцина салдырды

103
14.06.2021 03:26

Алматыда бір тәулік ішінде 4 мың 540 адам екпе салдырған. Жалпы 1-ші ақпаннан бері 330 мыңға жуық қала тұрғыны препарат қабылдады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері ел халқын COVID-19-ға қарсы екпе алуға шақыруда. Олардың пікірінше, жаппай вакциналау арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасқан да ғана пандемияны жеңеміз. Өнер иелері вакцинадан кейін өздерін жақсы сезінетіндерін айтты.  Еске салсақ, қала тұрғындары 208 егу пунктінің кез келгенінде екпе салдыра алады. Олар емханаларда, сауда орталықтарында, базарларда, мектептерде, мәдениет нысандарында орналасқан.