Түркістан облысында шет елдік жүк көліктеріне ғана дизель отынын сатқан. Ал қазақстандық көліктерге «Сұйық отын қалмады» деп қайтарады. Осылай арнамызға шағымданған жүргізушілер шет елдіктерге дизелді 2 есе қымбат саудалайтындықтан бізге бермей отыр деп ашынды. Ал жауаптылар келеңсіз жағдайды растады. Алайда, дизель бағасы бәріне ортақ екен.
НҰРГҮЛ ӘБДІРАЗАҚОВА – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Ия өкінішке орай мұндай фактілер тіркелуде.Бұл бойынша арнайы мониторинг тобы құрылды. Егерде осында йзаңсыз әрекеттерге барғандарға бірінші кезекті ескерту берсек, екінші рет тағы қайталанса, жанаржағармай бекеті лицензиясынан айырылады».
Ал, Түркістан облысында дизель отынның қоры 8 күнге жетеді. Бұл туралы Инвестиция және экспорт басқармасы брифингте мәлімдеді. Аймақта ай сайынғы қажеттілік 33 мың тоннаны құрайды екен. Қазіргі таңда 9 мыңнан тоннадан аса дизель қоры бар. Кейбір бекеттерде жоғары сұраныс күрт жоғарылап, шектеулер енгізілген. Тіпті 78 жанармай құю бекетінде дизельдік отын сатылмай тұр. Бұған вагон-цистерналардың тапшылығы себеп дейді мамандар.
НҰРГҮЛ ӘБДІРАЗАҚОВА – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ЭКСПОРТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Дизель отынына кезек Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралінің бойындағы автожанармай құю станцияларында және Өзбекстан Республикасымен шектесетін оңтүстік аудандарда байқалады».
️