Түркістан облысында 40 мектептің жылу қазандықтары газға қосылды. Бұл үшін облыстық қазынадан 443 млн.тнг жұмсалыпты. Білім ошақтарында енді бұрыңғыдай көмір жағып, күл шығармайды. Оқушылардың қауіпсіздігі үшін жылу қазандықтары мектеп ғимаратының сыртында орналасқан. Бір жағынан бұл экологияға да тиімді – дейді мамандар. Сондай оқу орындарының бірі былтыр ғана пайдалануға берілген Түркістан қаласында №28 мектеп.
ЕРЕН ӘДЕПХАН - №28 МЕКТЕП ЛИЦЕЙ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ - «Бір жыл қысты өткіздік. Қазір газбен ешқандай,проблема жоқ. Осы таңға дейін мектептің жылу жүйесі жақсы жұмыс жасап тұр. Бұның тиімді тұстары бар.көмірге қарағанда эологияға зияндығы әлдеқайда аз».
️