Ордабасы ауданында "Мектепке жол" акциясы өтті

298
24.08.2022 08:10

Түркістан облысындағы Ордабасы ауданында Республикалық шекарасыз жақсылық атты акция өтті. Шара барысында кәсіпкерлер тұрғындарға мектепке қажетті тауарларды ұсынды. Сондай-әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына әкімдік қызметкерлері мен кәсіпкерлер тарапынан көмек берілді. Толығырақ әріптесім Өркен Мырзабек жалғастырады.

Бұл Ордабасы ауданындағы Темірлан елдімекені. Мұндағы жәрмеңкеге жиналған ата аналар аз емес. Тіпті шалғай ауылдардан да баласын жетектеген тұрғындар келіп жатты. Барлығына мектепке қажетті заттарды арзан бағаға алуға асық. Ал сауда сөрелеріндегі барлық тауардың құны нарықтағы бағадан 20 процентке төмен. 

ЖАЗИРА ДЖАКЕЕВА-ТҰРҒЫН - Түркістан облысы Отырар ауданында мектепке жол акциясы өтіп жатыр. Ауднымыздың әкімшілігі аудандық білім бөлімінің ұйымдасыруымен. Үлкен жәрмеңке өтіп жатыр. Барылығы төмен бағада. Сапалы киімдері. Білім бөліміне рахмет. 

Айта кетейік жаңа оқу жылына жалпы облыстық бюджеттен әлеуметтік жағдайы төмен 3248 балаға 37300 теңгеден бөлінген. Сонымен қоса ауыл әкімшілігімен кәсіпкерлер тарапынан 700 ден астам оқушыға мектеп формасы берілді.

СЕЙІТҚҰЛ ҚЫДЫРБАЙ-ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ - Жәрмеңкенің негізгі мақсаты мектеп киімдерін нарықтық бағадан төмен, қолжетімді баға. Шымкент қаласынан алдырдық. Талғат ағамызға рахмет. 

Аталған науқандық акция ауданның барлық ауыл округтерінде жалғасын табады. Жәрмеңкеге 100 шақты жеке кәсіпкердің дайын өнімдері сатылды.

ШҰҒА НҰРАБАЕВА- ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Аудаанымызда 2845 көп балалы отбасылар бар. Ауданымыздың кәсіпкерлерінен көмек сұрап, мына балаларымызды киіндіру мақсатындажәрмеңке өткізіп отырмыз. Өздеріңіз білесіздер кешегі екі күнде базар істемейді, тұрғындар.