Шымкенттік отбасы солтүстікте ағаш өңдеумен айналысып жүр. «Теріскейде орман көп болғандықтан, бұл өңірдегі ең тиімді бизнес »-дейді, Тимур Битабаров. Сергеевка қаласының жаңа тұрғындары бұдан өзге бірнеше кәсіпті жолға қойған. Ел экономикасына үлес қосып жүрген жандарға, мемлекетте көмек қолын аямапты. Шымкентте жүріпте кәсіптің көзін тапқан отбасының түстікке қоныс аударуына не себеп? Бұл сұрақтың жауабын келесі бейнематериялдан білесіздер!
Бұл, Тимур Битабаровтың су жаңа баспанасы. Жұмыстан үйіне жұбайы дайындаған түскі асқа асығып келген бойы осы. Тірлігі қауырт. Себебі, бір емес бірнеше кәсіптің басын ұстап отыр. Сондықтан жәрдемші етіп, балалары мен немерелерінде солтүстікке көшіріп алыпты.
ТИМУР БИТАБАРОВ – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР - 2005-2007 жылдарға дейін елордамыздың өзінде орыс ұлты көп еді. Қазір қоныс аударушылар көбейген соң толықтай қазақиланды. Бұл жерде солай. Қазақиландыру жақсы жүріп жатыр деп айта алам.
Тимур мырзаның негізгі мамандығы құрылысшы. Түстікке көшуіне де себеп болған дәл осы жұмысы екен. Оңтүстіктен қоныс аударушыларға арнап үй салуға келген азамат, солтүстіктің табиғатына ғашық болдым дейді. Кәсіп жасауға да ыңғайлы болғандықтан, тап осы өңірде қалуды ұйғарыпты.
АЖАР БИТАБАРОВА – ҮЙДІҢ ОТАНАСЫ - Солтүстікке келіп жаурадық дейді біреулер. Жаурайтын адам оңтүстікте де жаурайды. Еңбек етіп, өзіңе-өзің жұмыс істесең ешқандай мәселе болмайды...
Ағаш өңдеп, саудаға шығару отбасының ортақ кәсібі. Одан өзге пенаблок құятын шағын цехтары да бар. Жаз айларында егін егіп, еңбек етеді. Үш бірдей бизнеске иелік етіп отырған азамат, оңтүстікте екі қолға бір күрек табылмай жүргендер үшін солтүстік қолайлы өңір дейді.
ТИМУР БИТАБАРОВ – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР - Бұл өңір өзге өңірлерден қарағанда қазақшылықты қатты сақтаған...
Битабаровтар әулеті қоныс тепкен Шал ақын ауданы шырайлы өңір. Есіл өзенінің үлкен арнасы дәл осы ауданның орталығынан өтеді. Таяқ тықсаң тал шығатын құнарлы топырағы үшінде қоныс аударушылар ерекше қызығады. Бүгінде мемлекеттік бағдарлама аясында, Шал ақынға 600-ден аса тұрғын көшіп келген.
БАҒДАТ БЕГІМБЕТОВ – ШАЛ АҚЫН АУДАНДЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ - Ағымдағы жылы 150 адам қоныс аударды...
Солтүстікте еңбек етуден ерінбейтін жандар үшін мүмкіндік көп. Бұл сөзімізді бүгінгі кейіпкеріміз де растап отыр. Қоныс аударудан қорқып, өмірін өзгертуден жасқанатындар ел арасында жалған ақпарат таратуға шебер. Сондықтан, жұрттың сөзін жүрекке алмай, түстікке келіп мүмкіндіктерді пайдаланған жөн – дейді олар.
️