Бір күнде 30-дан астам құқық бұзушылық анықталды.Оның ішінде 12 жүргізуші шетелдік көлік тізгіндегендер.Одан өзге, сақтандыру полисі жоқ 1 көлік айыптұрағына қойылды.Аталған деректер Түркістан облысы полицейлерінің Самара-Шымкент автожолындағы бекеттегі рейд барысында анықталды.Іс-шараның негізгі мақсаты жол апаттарының алдын алу.Сондықтан погондылар жылдамдықты асырмай, жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауға шақырады.
ҚАНАТ РАҚЫШЕВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ БАСТЫҒЫ - Қазіргі мақсатымыз бірінші жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. мынау Түркістан облысының қонақтары мен жүргізушілеріне біз ескертетініміз қатаң түрде жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмай, қарама-қарсы бағытқа шықпай қатаң түрде жол ережесін сақтаса деп ойлаймыз.
️