Парламент Мәжілісінің депутаттары Түркістан облысының Бәйдібек ауданындағы қос білім ордасының жөндеу жұмыстарымен танысты. Екі ауылдағы мектептердің ғимараттары ескіріп, тұрғындар әлеуметтік желілер арқылы халық қалаулыларына үндеу жолдаған екен. Соның арқасында қос мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жаңа оқу жылына аяқталады.
Ағыбет ауылындағы Есіркеп батыр атындағы мектеп 1991-і жылы салынған. Сол уақыттан бері күрделі жөндеу көрмеген. Ауыл тұрғындары әлеуметтік желіде Аманат партиясы атынан сайланған депутаттарды белгілеген. Сол кезде фракция мүшесі Жұлдыз Сүлейменова Бәйдібек ауданына арнайы келіп, жағдаймен танысқан. Артынша дәл осы мектептердің мәселесі, Парламентте де, үкіметте де қаралған екен. Нәтижесінде, қомақты қаржы бөлініп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
ЖҰЛДЫЗ СҮЛЕЙМЕНОВА - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ - Келіп бүкіл мән-жайды білгеннен кейін, ПСД-ның дайын болғанына байланысты «Ауыл – ел аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру барысында осы Түркістан облысы атынан сайланған Абасов Қайнар Бегалыұлы екеуміз осы мәселенің шешілуіне атсалыстық. қазіргі таңда, өздеріңіз көріп тұрсыздар, бізге қойылған талап-тілек тектептің сыртын күшейту мәселесі, құрылысы, төбесін жабуға қатысты мәселелер шешілді.

Есіркеп батыр мектебін салу кезінде бірқатар техникалық аспектілер қарастырылмаған. Бұл туралы мердігер компания өкілдері айтуда. Төбеден су кетіп, оқушылар мен ұстаздар әбден әбігерге салған. Осы оқиға жылдан-жылға қайталанып келіпті. Ал, қазір шатырды жабу жұмыстарына жел кедергі келтіріп жатқан көрінеді. Соған қарамастан мердігер компания 25-і тамызда жұмысты аяқтаймыз деп отыр.
СҮНДЕТУЛА ЖҰМАБАЕВ - МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ - Енді шифрмен жабылған, сырты, стенасы кәдімгі плитамен істелінген. Жаздың өзінде ішінде жүре алмайтын едік, кәдімгі духота болып. 10 см плита қойлғаннан кейін әрі сылқын, әрі жылы болады қыста. Төбесіне де сол плита қойылып, оның үстіне стяжка құйылды. Жылу жағы дұрыс болады. Бұрын қиналған екен, суық болып.
Депутаттар танысқан тағы бір нысан – Ақтастау ауылдық округіне қарасты Жолғабас елді-мекеніндегі орта мектеп. Білім ұясы 200 орынға шақталған. Жөндеу жұмыстарымен қатар, мектептегі арнайы физика, химия мен биология сыныптарына жаңа қондырғылар орнатылды. Осы орайда, тұрғындар халық қалаулыларына тағы бір мектептің мәселесін айтты. Шыбыт ауылындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің жағдайы тіптен мүшкіл екен. Дегенмен, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі жаңа білім ошағын салу үшін барын салып жатыр екен. Жақын уақытта оған арнайы бюджеттен қаражат қарастырылуы мүмкін.
АҚБАЛА ҚҰЛЫМБЕТ - БЕЙДІБЕК АУДАНДЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Сол жайға бізге жаңа мектеп керек, шынында да. Қазір 150 орындық мектептерге жер беріліп қойған. Госактісі рәсімделген, жалпы құжаттардың барлығын дайындап, басқармаға өткізіп қойдық. Ары қарай, егер қаржы бөлінсе, ПСД жасалады. Жұмыс жүргізілсе деп отырмыз.
Халық қалаулыларымен кездесуге келген ақсақалдар елді-мекендердегі балабақша мәселесін де көтерді. Депутаттар болса, қолдарынан келгенше көмектесетіндерін айтты. Сонымен қатар, кейбір ауылдарда газ, жол мәселелері де түйткілді проблемалар бар екен. Ол бойынша да, депутаттар жергілікті атқарушы орган жұмысын мұқият бақылайтынын айтып, уәде берді.
️