Ордабасы ауданында оқушы тасымалы мәселесі шешілер емес

536
18.08.2022 04:09

Түркістан облысының Ордабасы ауданында биыл 6 мектеп пайдалануға беріледі. Қазірде білім ошақтарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Осы арқылы аймақтағы орын жетіспеушілігі мен апатты білім ошақтарының мәселесі шешілмек. Тарқатылмай тұрған түйін де бар. Кейбір жаңа оқу ордасы елдімекеннен шеткері жерге салынған. Енді ол жерге оқушыларды тасымалдау керек. Есепсіз жүргізілген жұмыстардың басында мәжіліс депутаттары да болып қайтты.  

Аманат партиясы атынан сайланған Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қайнар Абасов пен Жұлдыз Сүлейменова 4 мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты. Олар  Аққойлы ауылында 100, Қарааспандағы 200 балаға, Бадам ауылдық округіне қатысты Дербес және Төрткүл елдімекендеріндегі 300 орындық білім ұялары. 

ҚАЙНАР АБАСОВ - ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ - Білім министрлігі оқу орындарының жетіспеушілігі және ауылдық елді-мекендердегі оқу орындарының сапасы төменділігі жайлы айтылып жатыр. Үкіметке айтарымыз – проблеманы тек айтып қана қоймай, оны шешу керек. Бұл сайлаушылардың біздің аманат партиясына айтып отырған аманаты. 

Қайнар Абасовтың бұлай деуі тегін емес, себебі, Төрткүлдегі мектептің құрылысы кестеден 1 айға  кешігіп жатыр екен. белгіленген кестеден 20-30 күнге кешігіп жатыр екен. Әлбетте, мердігерлер түрлі себеп айтқанымен, құрылыс басқармасы өкілдері шара қабылдауға мәжбүр болдық дейді. Нәтижесінде, мердігер компанияға қомақты айыппұл да салынған. 

ҒАЛЫМЖАН ТӨЛЕГЕНОВ    ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ҚҰРЫЛЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Қазіргі таңда бұл 20-30 күнге кешігіп жатыр. Сондықтан, біз келісімшартқа сәйкес тапсырыпс беруші тарапынан айыппұл салдық. 300 теңге айыппұл салдық. Біз бір ай бұрын келгенде 40 адам болатын, енді қазір 80 адамға дейін көбейтіпті. өндірістік кестені қуып жетеміз деп отыр. 

Қарааспан ауылындағы мектеп құрылысында қолданылып жатқан материалдардың 90 пайызы отандық өнім екен. Сондықтан, жұмысқа ел ішіндегі экономикалық процесстер немесе, геосаяси жағдай әсерінен туындаған импорт тасымалы да кедергі келтіре алмайды дейді мердігер. 

БАҚЫТЖАН ЖАНДЫБАЕВ - МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ ӨКІЛІ - Құрылыс материалдарының 90 пайызы отандық. Қышты осы бадам жақтан аламыз. Анда-санда бар Россиядан келетін материалдар. Арматура. 

Ауданда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға қарамастан, білім беру саласындағы бүкіл проблема бір сәтте шешіліп кетпейді дейді адами әлеуметті дамыту бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева. Сондықтан, осы сәтті пайдаланып, халық қалаулыларына өз ұсыныстарын да айтып үлгерді.

ШҰҒА НҰРАБАЕВА - ОРДАБАСЫ АУДАНЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ - Мектеп салуды бастап жатыр. Бұл мектептің қиындығы, ауылдың шетінде орналасты. Ертең бұл да бізге үлкен бір проблема болайын деп тұр. Егер балдарға келу қиын болатын болса, біз тасымал ұйымдастыруымыз керек. Ол жерде автобус бар, бензин бар, тағы да қаржыға келіп, тірелейін деп тұр. 

Аудан басшылығы өңірде нақ осы тасымал мәселесінің шиеленіскенін айтады. Бұл ауыл балаларының білім алуына кедергі келтіреді екен. Ал адам аз қоныстанған елді мекенге шағын мектеп салу тиімсіз. Бұл мәселені, депутаттар, тиісті ведомстваларға сауал жолдау арқылы көтереміз деп уәде берді.

ҚЫДЫРБАЙ СЕЙІТҚҰЛ    ОРДАБАСЫ АУДАНЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ - Ордабасы ауданында жалпы бізде 123 мың халық болса, округтер, ауылдар бір-бірімен іргелес, жапсарлас орналасып кеткен. Ол жердегі тұрғындардың саны 700,800 мыңнан асады. Ауыл тұрғындары 300 үйдей болады. Сондықтан, бізде ұсыныс, жоғары тұрған органдарға, 250-200 орындық мектептер қолдау тапса дейміз.

Жалпы, Түркістан облысындағы мектеп проблемасына келер болсақ, 905 білім ордасының 120-ы жөндеуді қажет етеді. Биыл, соның 26-ы күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қалғаны алдағы 5 жылда кезең-кезеңімен жаңарады деп жоспарланған.