Министр мұғалімдердің бала назарын өздеріне аудара алмайтынын айтты

353
17.08.2022 10:35

Бұл пікірді «Саналы ұрпақ – ұлт болашағы» атты Республикалық Тамыз конференциясында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ведомства басшысының айтуынша, қазір әлемде отбасы құндылықтары өз орнын жоғалтып жатыр.

Қазіргі таңда әлеуметтік желілер үлкен соғыс жариялады. Ол соғыстың нысаны – біздің балаларымыз бен жастарымыз. Неге десеңіз, күнделікті көріп жүрген Instagram, Facebook, Netflix және Amazon тәрізді әлеуметтік желілер үлкен алпауыт компанияларға айналды. Олардың арттарында алпауыт технология бар. Яғни мыңдаған инженерлер тұр. Жасанды интеллектің алгоритмдері арқылы баланың күнделікті уақыты мен зейінін өздеріне алып отыр. Қазір мұндай соғыс басталып кетті, - деді министр.