Түркістанда "Қауіпсіз жол" акциясы жалғасуда

231
17.08.2022 04:36

Түркістан облысында бір күннің ішінде 30 мыңға тарта әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.Бұл «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесі.Тарқатып айтсақ, 29 мыңға жуық құқық бұзушылықтың 121- і мас халде көлік басқарған.Ал  қозғалыстың қарсы бағытына шыққан 69 жүргізуші жауапқа тартылды.Одан өзге, авариялық жағдай туғызған 157 жайт белгілі болып, әкімшілік шара көрілді.Сондай ақ, жалған және қолдан жасалған мемлекеттік нөмірмен көлік құралын басқарған 19 жүргізуші анықталды.Заңсыз жолаушы тасымалдаған жүргізушілер де тіркелген.Олардың саны 31-ге жетіп, көлік тізгіндеуші азаматтарға хаттама толтырылды. 

АЛМАСХАН ТАСТАНБЕКОВ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ - Полиция департаменті тарапынан соңғы 19 шілде мен 18 тамыз аралығында өтіп жатқан «қауіпсіз жол» іс – шарасының нәтижелері жайлы баяндама жасадық. Қанша ұсталғандары жөнінде. Бұдан бөлек азаматтардан 10-15 сұрақтар түсті. Осы сұрақтарға жауаптар бердік.