Тарихи ескерткіштеріміз қирап, қойнауындағы мұралар тоналып жатыр. Оны сақтап, келешек ұрпаққа мұртын бұзбастан жеткізу үшін не істеу керек? Еліміздегі бір топ ғалымдар 15 тамыз – Археологтар күніне орай түркілердің алтын бесігі Түркістанда бас қосып, осы мәселені талқылады. Алдымен тарихи орындардан табылған жәдігерлермен танысты. Дөңгелек үстелде осы саладағы түйткілді мәселелер мен атқарылып жатқан жұмыстарда айтылды.
Ескерткішті түгендемей жатып, көбісінен айрылып қалып жатырмыз. Дөңгелек үстел барысында тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық директоры Жандос Құрбан осылай деп дабыл қақты. Ол сол аудан қала әкімдіктегі мамандардың мәдениет басқармасынан санаспауынан-дейді ол. Оның ұтымды жолы жер кадастр бөлімімен бірлесіп картаға түсіру. Сонда ешкімге қорғауға алынған жерлерді бөліп бере алмайды.
Облыста 1782 ғана тарихи обьектілер бар екен. Оның ішінде 80 пайызға жуығы археологиялық ескерткіштер. Ол тек есепке алынғаны ғана. Шындап келгенде оданда көп болуы мүмкін. Ғалымдар облыста қанша археологиялық ескерткіш бар дегенді дөп басып айта алмайды. Өйткені есепке алынбағаны көп. Қазығұрт, Келес, Сарыағаш аудандары мүлдем зерттеу жұмыстары жүрмепті.
СӘКЕН ҚАЛҚАМАНОВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – Әрине осы салада шешімін таппай жатқан мәселелер баршылық. Өңіріміздегі ескерткіштерге археологиялық қазба, ғылыми-реставрация және консервация жұмыстарын жүргізіп, абаттандырып, инфрақұрылымын дамытып, ашық аспан астындағы музейге айналдыруымыз қажет.
Ескерткіштер техногендік,антропогендік апаттардан бұзылып жатыр. Ол аздай қолды қылып жатқандарда жетеді. Тонаушыларды тоқтатудың жолы оларды ертерек құжаттандыру деді Ә.Марғұлан атындағы археология институтының директоры Ақан Оңғарұлы. Сөзінше сонда ғана сұғанақтардың жолын кесе аламыз.
Дөңгенлек үстел қызу талас тартысқа толы болды. Түркістан облысы аумағындағы тарихи-мәдени ескерткіштердің жай-күйі мен тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөнінде ұсыныс пікірлер айылды. Жиын соңында облыста қазба жұмыстарын жүргізген археолог мамандар арнайы алғыс хатпен марапатталды.
️