Түркістан облысында биыл 88 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. Мемлекет басшысының жыл сайын 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасы бойынша Түркістан облысында жұмыстар жүйелі жүруде. Бұл туралы апталық аппарат отырысында Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева айтты. Басқарма басшысының айтуынша, үш бағыттағы жұмыспен қамту шаралары аясында 47 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Еңбек министрлігінің дерегіне сәйкес,Түркістан облысына 10 854 тұрақты жұмыс орындарын ашу межесі тұр. Оның басымы – жеке бастамалар, салық органдарында жаңадан тіркелген жеке кәсіпкерлер, орта және шағын бизнесте ашылған жұмыс орындары негізге алынады. Биылдан бастап «Жастар тәжірибесі» жобасы шеңберінде 5 658 адамға 6,2 млрд. теңге, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 386 азаматқа 436,7 млн. теңге қаржы қаралды. Сондай-ақ, жастардың іскерлік бастамаларына қайтарымсыз 3,4 млрд. теңгеге 2 765 гранттар беру көзделуде.
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ - Жұмыс орындарын ашу – әкімдердің ең маңызды міндеті. Әр ауылдан шағын және орта бизнес көзін дамыту керек. Өңір халқының табысын арттыруға бағытталған жұмыстар ары қарай да өз жалғасын табатын болады. Халықтың табысын арттыру бойынша «Түркістан облысы бойынша 2022-2025 жылдарға арналған жұмыспен қамту картасы» жобасы бекітіліп, нәтижесінде, жалпы 144 мыңдай жұмыс орындарын ашу жоспарланған. Мемлекет басшысы атап өткендей, Қазақстанның шынайы жаңару кезеңіне сәтті қадам басуы жолында алдымызға қойылып отырған тапсырмалар мен міндеттерді бүкіл қоғам болып жұмыла атқаруымыз маңызды
️