Түркістан қаласында құрылыс жүргізуші мердігер компаниялар әлеуметтік қолдауға мұқтаж 4 отбасына баспана салып берді. Үйлі болғандардың басым көпшілігі талай жылдан бері тұрмыс тауқыметін тартып келген көпбалалы аналар. Құрылысшылар оларды ас береміз деп шақырып, тосын сый жасапты. Пәтер кілтін табыстау рәсіміне тілшіз де барып келген еді.
Түркістан қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Гүлзахра Жұмабекқызы 6 баласымен көшеде қонған күндердің бәрі артта қалғанына әлі сене алар емес. Жолдасынан айырылған нәзік жан қиын күндерді бастан кешірген. Сондай сәтте көмек қолын созған әрбір жанға алғысын білдірді.
ГҮЛЗАХРА ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ - ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ – Квартира жалдап тұрдық. Бір бөлмеде тұрсақ та енеммен қырылып шығып кеткен күндеріп болды. Көшеде қондым бала шағаммен. Күйеуім қайтыс болған. 6 бала- шағам бар. бүгін ас береміз деп шақырды. Мұндай сыйға ие боламыз деп ойламадық. Басқа қаңғып жүргендерге де осындай үй жұғысты болсын. Алладан қайта берсін баршаңызға.
Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды үймен қамтамасыз етуді қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков құрылысшыларға жолдаған екен. Нәтижесінде, Түркістан қаласында құрылыс жүргізуші мердігер компаниялар Құрылысшылар күні мерекесінде төрт отбасыға бақыт сыйлады.
БАЛҒАБАЙ НҰРСЕЙІТ – ҚҰРЫЛЫСШЫ – екі ай бұрын құрылысшылар бір жерде кездесіп, түркістан қаласында тұратын 4 отбасыға сыйлық жасайық деп келістік. өз табыстарымыздың есебінен қазір көргендеріңіздей 4 квартира соғып бердік. бүгін міне ашылу салтанаты өтіәп жатыр.
Әр отбасыға ұсынылған үй үш бөлмеден тұрады. Баспаналар қажетті жиһазбен, тұрмыстық техникалармен қамтамасыз етілген. Мерекелік жиын барысында құрылыс саласының үздіктері де марапатталды.
️