Түркістан
EN

Мемориалды тақта қойылды

418
08.06.2021 23:00

Биыл Арыс оқиғасына 2 жыл. Көптің көңіліне қорқыныш ұялатқан алапат жарылыстың санадағы сәулесі әлі сөне қоймаған. Бір қуантарлығы, сол бір қысылтаяң уақытта Арыстық ағайынды күллі қазақ елі жалғыз қалдырмады. Тиісінше, арыстықтар да ол жақсылықты ұмытпақ емес. Соған орай бүгін аймақтағы бірінші теміржол вокзалына құрмет тақтасы орнатылды. Салтанатты шара турасындағы тілші бейнематериалы. 

️