Бұдан былай жылдамдықты асырғанның кесіренен апатқа ұшырап, қаза тапқан көлік жүргізушілері өзіне қол жұмсаған болып есептеледі. Өзбекстанның мұсылмандар басқармасы осындай пәтуа шығарды. Бұған басты себеп көрші елде желмен жарыса жүйткіп жол-көлік апатына ұшырайтындардың қатары артқан. Соңғы 4 айдың ішінде осындай 600 оқиға тіркелген. Тағы айта кету керек, жыл басынан бері апаттардың саны 25,3 процентке, салдарынан қаза тапқан балалардың саны 64,5 процентке өскен. Сондықтан, Өзбекстанның мұсылмандар басқармасы жүргізушілерге жолда жүру ережесін бұзбауға шақырып, жаңа пәтуа қабылдады. Тәртіпке бағынбау – шариғатқа қарсы – дейді, дін өкілдері.
️