Биыл кәсіпкерлер тарапынан арыз-шағым едәуір артқан. Мәселен облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаментіне құқығы тапталған 85 кәсіпкер шағымданған. Осыған байланысты департаменттің ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті. Жиын барысында кәсіпкерлердің құқығын қорғау, бизнес субьектілерін қылмыстық қудалау шеңберіне негізсіз тартуға ықпал ететін себептерін болдырмау сынды мәселелер қаралды.
ГҮЛЗИЯ ҚАРСЫБАЙ – ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ - Бүгін біз осы бағытта,яғни кәсіпкерлерлдің құқығын қорғау мақсатында түркістан облысындағы «атамекен» кп-мен,жергілікті кәсіпкерлермен,атқарушы органдармен бірлесіп үлкен ашық алаң ұсынып отыр. Бұл алаң арқылы кәсіпкерлер түпкілікті мәселелерінің шешімін табады деген ойдамын.
Кездесу барысында бүгінде өзекті болып тұрған мәселелер туралы талқыланып, алдағы жұмыс жоспары құрылды. Соның бірі кәсіпорындарда орналасқан заңсыз ойын аппараттарын жою. Сондай-ақ, қазіргі таңда пирамидаларға алданып, кең көлемде қаржы салып жатқандардың арасында кәсіпкерлер көш бастап тұрған көрінеді. Осыған орай, кәсіпкерлерге алаяқтардан қалай сақтануға болатынын егжей-тегжейлі түсіндіретін арнайы Qr код таратылды. Айта кетейік, келіп түскен арыздардың 14-і өз шешімін тауып, 16 шағым құқық қорғау органдарына жолданыпты.
️