Тамыздың соңында індет жұқтырғандар саны артады – министрлік болжам

160
05.08.2022 04:21

«Тамыздың соңында індет жұқтырғандар саны артады». Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Орталық коммуникация қызметінде мәлімдеді. Бүгінгі жағдай бойынша еліміздің реанимация бөлімшелерінде КВИ диагнозымен 43 науқас жатыр. Реанимациялық орынмен қамтудың ең жоғары көрсеткіші Нұр-Сұлтан қаласында болса, екінші орында Түркістан облысы тұр. Бас дәрігердің айтуынша, коронавирус жұқтырған жағдайда уақытында ем қабылдау маңызды. КВИ-мен сырқаттанудың қазіргі сипаты науқастарда аурудың жеңіл түрде өтуімен бірге, дер кезінде емделмесе ауру асқынады. Бұл науқастардың 94%-дан астам амбулаториялық жағдайда емделетіндігімен де расталып отыр дейді министр.

АЖАР ҒИНИЯТ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ МИНИСТРІ - «Эпидемиологиялық жағдай болжамына сәйкес тамыз айында КВИ-дің орташа тәуліктік саны 4000 жағдайға дейін өсіп, кейін қыркүйекке қарай төмендейді. Ал 4 тамыздағы коронавирустың  расталған жағдайы бойынша 1360 068 КВИ+  дерегі және коронавирустың расталмаған жағдайы бойынша 89 611 тіркелді. Қазіргі КВИ түрі, ауру жеңіл түрде өтеді. Бірақ қауіпті топқа, яғни аурудың қатаң түрімен ауыратындарға, жүкті әйелдер, 60 жастан асқан адамдар, созылмалы қоса жүретіне аурулары бар науқастар, КВИ-ға қарсы егілмегендер жатады».

Бұл ретте министр әр 6 ай сайын коронавирусқа қарсы екпе алып тұру керектігін ескертті. Бүгінде ревакцинация қарқынды жүріп жатыр. Сондай-ақ,  Ажар Ғиният вирустың алдын алу үшін бетперденің маңыздылығын атап өтті. 

АЖАР ҒИНИЯТ – ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ - «Қазір республиканың «жасыл» аймақта екенін ескерсек, халық пандемияның екі жылдан астам уақытқа жалғасып келе жатқанын жақсы біліп отыр. Біз адамдар көп шоғырланған жерде маска тағуға кеңес береміз. Денсаулық сақтау министрлігі халықты індет жұқтырудан қорғану үшін профилактикалық шараларды сақтауға шақырады. Қазір эпидахуал жеңіл өтуде, халықтың 94%-ы амбулаториялық деңгейде емделіп жатыр. Сол үшін нұсқаулық қана береміз. Ал халықтың жалпы денсаулығына қауіп төнсе немесе ауыр жағдайлар мен өлім-жітім көбейіп кетсе, шараларды қайта қарастыратынымыз анық».