Түркістан қаласында да құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Оның ішінде 2 мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Білім ошақтарының құрылысы негізі келесі жылы аяқталуы тиіс. Дегенмен, нысандардың маңыздылығы ескеріліп, негізгі жұмыстар биыл аяқталмақ. Білім ордасындағы қайта реттеу жұмыстары жайлы тілшіміз толықтырады
Бұл Мырзахан Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектебі. Негізгі құрылысы келер жылға қалғанына қарамастан, балалардың білімі үшін күрделі жөндеу мерзімінен бұрын жүргізілуде. Бұдан бөлек, Төлеби атындағы №19 жалпы орта мектебінде де жағдай осы. Түркістандық оқушылардың игілігі үшін атқарылып жатқан істі бөлім басшысы да басты назарға алған. №19 мектептің директоры Алтынбек Момбековтің айтуынша, құрылыс жұмыстарына «Kazintelgroup» мердігер мекемесі жауапты. Ал, оқушылар игілігі үшін қолға алған құрылыс тамыз айының ортасында аяқталмақ.
ОРАЗГҮЛ ҚОЛДАСОВА – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ-Күнделікті бұл жұмысқа азанда 11 кешке 6-да жұмыстың артқарылуна қарай бақылауда ұстап отырмыз.Себебі алдымызда қыркүйек жақындап қалды. Әні-міне дегенше тамыз да басталды.
Ал, М.Пошанов атындағы №21 жалпы орта мектеп директоры Руслан Стамқұлов күрделі жөндеу жұмыстарының аяқталуға жақын екенін айтады. Қазіргі таңда ғимараттың 90 пайызы біткен. Оқу ордасының бөлмелері мен едені толықтай қайта жаңарыпты. Сондай-ақ, жауаптылар нысандарда заман талабына сай, өрт қауіпінің алдын-алу, оқушыларға басқа да қолайлы жағдай жасалуын жіті бақылауға алған
ОРАЗГҮЛ ҚОЛДАСОВА – ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ-Бұл күрделі жөндеу 2023 жылғы өтпелі болып алынған болатын. Бүгінгі таңда 15 тамыз бен 20 тамыз аралығында толықтай жұмыс барысын бітіруге жұмыстар арқарылып жатыр. Қазір көріп шықтық қолданысқа беруге жақын.
Қос білім ордасы да қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі тиісті бақылау-қадағалау жұмыстарын жүргізіп, шәкірттердің сапалы білім алуын қамтамасыз етпек. Жалпы Түркістан қаласында 34 мемлекеттік ,19 мектеп бар. Сонымен қатар, 7 қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді.
️