"Кеңес Одағы халықтары қайтадан бірге болып, тату-тәтті өмір сүреді". Ресей саясаткерлері кезекті рет Қазақстанға сес көрсетуде. Бұл жолы бұрынғы Президент Дмитрий Медведев сөзден сүрінді. Ол Вконтакте әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында Қазақстан – жасанды мемлекет және Ресей шекарасы ешқай жерде аяқталмайды деген арандатушылық мәлімдеме жасаған. Экс-Президенттің айтуынша жабайы Қазақстан жерінде алғаш қоныстарды Ресей Империясы салған. Қазір Қауіпсіздік Кеңесінде Путиннің орынбасары болып отырған Медведев Грузияға да шүйлікті.
Медведевтің көмекшісі парақшаға бөтен біреулер бұзып кіргенін айтып ақталуда. Бұған қатысты әлеуметтік желі әкімшілігі мен құқық қорғау органдары тергеу жүргізеді дейді. Еліміздің Сыртқы Істер Министрлігі жазбаға байланысты әлі ешқандай
️