Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы егістік алқаптардың аумағы артып келеді. Осыған дейін Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының меншігінде болған 15 мың гектардан астам жер өңір меншігіне қайтарылуда. Қазірде тиісті құжаттары рәсімделіп жатыр екен. Одан бөлек Алтынтөбе ауылында орналасқан 26 шаруа қожалыққа тиесілі мыңнан астам гектар жердің берілу заңдылығы да тексерілмек.
СӘБИТ ӘЛСЕЙТОВ – АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ-«Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы пайдаланып жатқан 15 мың 500 гектар жер ауыл шаруашылық басқармасы басшысының бұйрығымен қайтарылып берілді. Қазіргі таңда осы аталған жерлерді аудандық қорға қайтарып алу жұмыстары жүргізілуде»
Жоғарыда аталған 15 мың гектар жердің құжаттарын рәсімдеу біршама уақытты қажет етеді. Ал ауыл тұрғындары оны күтпей, егістік алқапқа соқа салуды көздейді. Осы мәселенің ақ қарасын ажыратпаққа аудан прокуроры ауыл белсенділерімен кездесіп, шаруаларға мән жайды түсіндірді. Құзырлы орган өкілі жердің құжаттары рәсімделсе, халыққа берілетінін айтады.
ҚАНАТ БАЗАРБАЕВ – АУДАН ПРОКУРОРЫ-«Алтынтөбе ауылдық округіне қатысты 15 мың гектардан астам жер аудан аранйы қорына қайтарылды. Бүгіннен бастап халыққа қайтару рәсімдеу процедурасы жүргізілуде. Қазіргі таңда осы 15 мың гектардан бастап мың гектарға жуық жерлерді қайтару мәселсін қарастырылуда»
️