Түркістанда аламан айтыс өтті. Іс-шара қала әкімдігінің қолдауымен рухани астананың облыс орталығына айналғанына 4 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Сөз бәйгесінде кімнің бірінші келгенін тілші баяндайды.
Бүгінгі сөз додасында еліміздің түкпір-түкпірінен келген 8 ақын 4 жұп болып бақ сынасып, тарихты парақтады. Облысты 4 жылдығымен құттықтап,топырағын түртсең тарихы сөйлейтін қасиетті мекенді жырға қосты. Сондай-ақ, сөзден маржан терген айтыскерлер шежірелі жерімізді тілге тиек етті.
ӘБІЛХАЙЫР СЫЗДЫҚОВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН, ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
- Үлкен айтыстың айтулы жүйріктері бүгінгі аламан айтысқа қатысқан.барлығының бөліп жаратын ештеңесі жоқ.шабыстыры бөлек болды. Айтысқа күннің ыстығына қарамастан өзінің ыстық ықылысын білдіруге келген көрерменнің көңілінен шшықты деп ойлаймын.
Айтыстың ең алғаш шымылдығын түрген шымкенттік Нұрлан Есенқұлов пен нұрзат қару ерекше қыз бен жігіт айтысын көрсетті. Сонан соң қызылордалық Мейірбек Сұлтанхан мен шұғайып сезімхан қалжыңдасып нағыз екі құрдастың әзілін көрсетсе, айтыстың алыбы Бекарыс Шойбеков пен айтыстың ақтаңгері Айбек Қалиев өздерінің жыр жолбарыстары екенін тағы бір дәлелдеді.Ал, Ақжайықтық Жансая Мусина мен сыр сүлейі Мұхтар Ниязов аламан айтысты қорытындылады.
МҰХТАР НИЯЗОВ, АЙТЫСКЕР АҚЫН:
- Айтыс деген біздің төл құндылығымыз. Осы құндылықпен халықты қауышьырып екі ортаны дәнекер болып отыратын азаматтар жасай берсін.Түркістанымыз осы біздің барша адамзаттың ортақ құндылығы мұрасы болып тұра берсін.
Тартысты өткен жыр бәйгесінің нәтижесінде, бас жүлде түркістанның топырағынан білім алған Алматылық Шұғайып Сезімханға бұйырды. Ал жүлделі 1-орынды қазақ айтысында әзілдің отын жағып,шырайын кіргізіп жүрген Жансая Мусина алса, сыр елінің мақтанышы Мұхтар Ниязов 2-орынды иемденді.Жерлесіміз Бекарыс Шойбеков пен азулы ақын Айбек Қалиев 3-орынды місе тұтты. Барлық айтыскер ақындар марапат алып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
️