Түркістанда аптап ыстықтың беті қайтпай отыр. Синоптиктер де жақын күндері күн райы өзгере қоймайды деп отыр. Күн ыстық деп күн санап түрленіп келе жатқан Түркістанда құрылыс жұмыстары бір сәтке де тоқтаған емес. Шіліңгір шілдеде күннің астында қызмет етіп жүрген жандар қандай алғысқа болсын лайық.
Қиындығы басым қызметті ауырсынбай атқарып, адал еңбекпен нанын тауып жүрген жандардың бірі-Гүлшат Асанова. 3 баланың анасы, отбасының ұйытқысы болып отырған келіншек 2 жылдан бері «Жасыл арман» ЖШС-нің қызметкері. Оның міндеті-«Жеңіс саябағы» аумағындағы жасыл желекке күтім көрсету.
Айтуынша қазіргі заманда адамдардың көбі оңай олжалы болсам екен дейді. Нәтижесінде түрлі қаржы пирамидаларының құрығына ілініп, алаяқтарға арбалып жатады. Себебі, адал еңбекпен, қара термен тапқан табыстың орны бір бөлек,- дейді біздің кейіпкер.
Десек те, мәдениеттің аздығынан ба әлде өзгелердің еңбегін құрметтей білмегендіктен бе газон үстін таптап өтіп, ағаштарды сындырып, қоқыстарын шашып кететін адамдар аз емес екен. «Адал еңбек бағаланса ғой шіркін,- дейді біздің кейіпкер. Себебі, аптап ыстықта жұмыс істеу түгілі, күннің астында жай жүрудің өзі қиын. Оның үстіне, синоптиктер күннің ыстығы жақын күндері қайтпайды деп отыр.
Айта кетсек, Түркістан қаласында бүгінде 400 гектар жерге жайғасқан 12 саябақ, 5 жасыл аймақ, 25 аллея мен гүлзар бар. Әр саябақ креативті әрі ерекше, қайталасбас үлгіде салынған. Мәселен, жалпы аумағы 38 гектарды құрайтын Президент саябағында» сыйымдылығы 100 текше метр болатын жасанды арал пайда болды. 10 мыңға жуық ағаш отырғызылып, жолдар төселді. Бір сөзбен айтқанда халық үшін барлық жағдай жасалуда. Оны күтіп ұстау сіз бен біздің міндетіміз.
️