Ядолық қарудан жапа-шеккен азаматтарға арналған емхана салынады. Бұл туралы Семей ядролық қозғалыс отырысында талқыланды. Яғни еліміз бойынша зардап шеккен азамматтарға отбасымен бірге ем алуға 6 аурухана салынбақ.
ҚҰРАЛТАЙ CАЛИКБАЕВ, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫ АРДАГЕРЛЕР МЕН МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
- Құдай қаласа Түркістан,Қызылорда, Жамбылдың орталығы Түркістан болғаннан кейін, осы жерде салыну керек. Көбісі бізде зардап шеккендер бас ауруы бар, жүрек ауруы барлар емделіп жақсы жағдайға жету керек.
Қазіргі таңда бұл жоспарға бір млрд евро инвестиция құю көзделген. Онымен қоса емделушілерге заманауи талаптарға сай мектеп, бала-бақша,сауда орталықтары, тіпті қызметкерлерге арналған үйлер де қарастырылады.Айта кетейік,облысымыз бойынша 1340 адам семей полигонынан зардап шеккен. Оның ішінде 765 азамат бірінші, екінші үшінші, санаттағы мүгедектер.
ЕРЖАН ДҮЙСЕНБАЕВ, СЕМЕЙ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРІ:
- Кезінде жабық құпия болды. 49 мыңннан астам жарылыстар болды, ең үлкен жарылыс біздің елімізде болды. Россияда 3 бомба тасталса, бізде 49 мәрте жарылыс болды. Оның зардабын тек қана біз ғана емес, медицинада дәлелденген 7 ұрпағына дейін барады.Сондықтан келген себебіміз осында оңалту орталықтарын салсақ деген оймен келіп отырмыз
️