Атырауда әлеуметтік нысан құрылысына бөлінген қаржыны жымқырылған

326
13.07.2022 06:54

Атырауда лауазымды тұлғалар әлеуметтік нысан құрылысына бөлінген қаржыны жымқырған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі Әлібек Әбділов мәлімдеді. Оның айтуынша «Атырау облысы құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары мен «Техника-Рем строй» ЖШС-ның басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу аяқталып, сотқа жолданды. Жымқырылған бюджет қаражаты  467  млн тенге. 

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ, ҚР ҚМА БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ: 

- ЖШС-ның басшысына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Серіктекстіктің 79 млн теңге көлеміндегі мүлкіне тыйым салынды. Ал Атырау облысы құрылыс басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарына және де тағы да бір тапсырысшыға қатысты «үйқамақта ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды.