Келес ауданында 15 мың гектар жер жайылымға беріледі

332
13.07.2022 06:15

Түркістан облысы Келес ауданында 15 мың гектар жер жайылымға беріледі. Атап айтсақ, Бозай  ауылдық округ аумағынан 1375 гектар жайылым жер учаскесіне оң қорытынды берілген. Сонымен қатар,  мыңдаған гектарды иемденген жеке және заңды тұлғалармен келісімшарт жасау жұмыстары жүруде. Сондай-ақ,  ал  Бозай елді мекені жыл соңына дейін таза сумен қамтылады. Ол үшін 726 метр тереңдікте ұңғыма қазылып, су құбырлары орнатылды. Құрылыс жұмыстары аяқталған соң 1700-ден астам тұрғын ауыз сумен қамтамасыз етіледі. 

ЕРКІН АБДИРОВ, БОЗАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Өткенде біраз мәселе қойғанбыз аудан әкіміне. Тентейсай мен Әлімтайға жол, ауыз су мәселесі соның барлығы жүргізіліп жатқанын аудан әкімі келіп, халықпен кездесіп қозғалмай жатқан нәрсені қозғалтып, біраз жігіттерді аудан басшыларын шақырып келді. атқарылмаған жұмыстарды атқаруға ат алысты.