Алдағы оқу жылындағы білім гранттарының саны жарияланды. Атап айтсақ, "2022-2023 оқу жылында бакалавриатқа қабылдау үшін министрлік 73 мыңға жуық грант бөлді. Магистратура 13 мың грант. Докторантура 1800 грант. Ведомстваның мәліметінше "Машина жасау, өңдеу өнеркәсібі, құрылыс индустриясы" мамандығына 17 194 грант, "Педагогикалық ғылымдарға" – 10 810 грант, "Ақпараттық-коммуникациялық технологияларға" – 9 103 грант, "Жаратылыстану, математика және статистика" мамандықтарына – 6 288 грант.
️