Жалған шот-фактура жасаған алаяқтар ұсталды

247
07.07.2022 06:13

Павлодарда  екі сыбайлас жалған шот-фактура жазатын 13 компания құрған. Бұл заңсыз  істің жолын  қаржылық мониторинг агенттігі кесті.  Олардың мәліметінше, екі  азамат  2019жылдан бастап, 2021 жылға дейін, бір қатар заңды тұлғаларға  жалпы сомасы 6,5 млрд теңгеге жалған шот – фактура жазып берген. Нәтижесінде мемлекетке 2млрд теңгеден астам  шығын келді.

ӘЛІБЕК ӘБДІЛОВ-ҚР ҚАРЖЫЛЫҚ МОНИТОРИНГ АГЕНТІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ:

- Легин мен Рыжаковтың қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінд, мемлекетке төленбеген салықтар түрінде 2 млрд теңгеден астам залал келтірілді. Сот екеуінде кінәлі деп тауып, Легин Вильгельм Робертович пен Рыжаков Сергей Александровичті 2 жыл 9 айға бас бостандығынан айырып, Легиннен 13 млн теңгеден астам ақша тәркілеу туралы үкім шығарды.