"Кітап сыйла" акциясы аясында жазушылар мен зиялы қауым өкілдері кітап сыйлауды бастады

408
04.07.2022 06:20

Түркістан облысынан шыққан жазушылар мен зиялы қауым өкілдері мемлекеттік қызметшілерге кітап сыйлауды бастады. Игі шара «Кітап сыйла» акциясы аясында өтіп жатыр. Алғашқы қонақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қалдыбек Құрманәлі болды. Композитор Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне 55 кітап сыйлады. Шығармалардың арасында Әл Фарабидің 10 томдығы, классик жазушылар мен белгілі ақындардың көркем туындылары бар. Акцияның мақсаты жастарды кітап оқуға шақыру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, келесі қонақ белгілі ақын Мұхтар Шаханов болмақ.

ҚАЛДЫБЕК ҚҰРМАНӘЛІ, КОМПОЗИТОР:

- Осы акция арқылы білім көкжиегімізді кеңейту үшін кітап акциясын көбірек өткізуіміз керек. Маған осы ұсынысты ұсынған  Ғалымжан Бауыржанұлына алғыстан басқа айтарым жоқ.