Қазақстан коронавирус бойынша «жасыл аймаққа» көшті. Алайда бір тәулікте 21 адам індеттен көз жұмған. Бүгінде елімізде қауіпті аймақта екі өңір қалды. Олар – Нұр-Сұлтан мен Қарағанды облыстары. Соңғы тәулікте мыңға жуық адамнан COVID-19 індеті анықталған. Жалпы пандемия басталғалы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 395 мыңға жетті. Сондай-ақ енді науқастанғандар оқшаулау режимін қасақана бұзса, 87 мың теңге айыппұл төлейді. Министрлік бұйрығына сәйкес, карантиндік талаптарды сақтамағандар «Ashyq» ақпараттық платформасы арқылы анықталмақ. Жаңа ереже 10 маусымнан бастап күшіне енеді деп жоспарланып отыр.
️