Кәсіби мереке қарсаңында журналистерге куәлік табысталды

394
29.06.2022 10:30

БАҚ өкілдерінің мерекесінде бірнеше әріптестеріміз «Қазақстан журналистер одағының мүшесі атанды. Одан бөлек ақпарат саласының дамуына аянбай ат салысып жүрген жандарға құрмет көрсетілді. Еңбегі еленгендердің ішінде жаңалықтар қызметінің шеф редакторы Нұркен Қалижанұлы да бар. Төртінші билік өкілдеріне марапатты Қазақстан журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Ғалымжан Елшібай тапсырды.  

ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙ, "ҚАЗАҚСТАН ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ" ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

- Жылда келетін бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін кәсіптік мереке қарсаңында өзінің еңбегімен көзге түскен, шығармашыл шеберлігін байқатқан әріптестерімізді марапаттау дәстүріміз де бар. Түркістан медиа холдингі кәсіби мерекені толағай табыспен қарсалып отыр. Соның бірі осы Түркістан телеарнасының шеф редакторы Нұркен бауырымыз ҚР журналистер одағының басқарма төрағасының «құрмет грамотасымен» марапатталды.