Жамбыл облысындағы сел шығыны анықталды

246
28.06.2022 05:10

Жамбыл облысында табиғи апаттан келген шығын көлемі 135 миллион теңгеден асқан. 23 маусым күні толассыз жауған жаңбырдың соңы селге ұласып, Қордай ауданындағы Үлкен Сұлутөр және Ноғайбай елдімекендерін шайып кеткен болатын. Осының кесірінен 17 үйдің ауласын су басып, 5 үйдің ішіне кірген. 12 үйдің қора-жайлары мен қоршаулары бүлінді. 

Арнайы құрылған комиссияның мәліметінше, Сұлутөр елдімекенінде ауыз су жүйесі, электр желілері істен шыққан. Тұрғындарды күніне 3 мезгіл ауызсумен қамтамасыз ету үшін арнайы техника бөлінді. Сондай-ақ тау суы ауылішілік бірнеше көпірді шайып кеткен. Қазір онда мамандар қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Ауыл тұрғындарының барлық шығынын мемлекет өтейді.