Жауапкершілігі көп сот саласында қызмет етіп келе жатқан судьяның еңбек жолы

605
25.06.2022 10:48

Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолымен келе жатқан әділдіктің бүгінгі айнасы – Қазақстанның сот жүйесі. Халқымыз қара қылды қақ жарған билерге «Тура биде туған жоқ» деп баға берген. Қазір билер сотының есім-сойы ескірсе де, әділ төрелігі ескірмей, дәстүр болып жалғасып келе жатыр. Жауапты саланы өміріне серік еткен жан туралы алдағы бейнематериалда толығырақ айтамыз.

Түркістанның түрленуіне үлес қосып, заңның үстемдігін орнатуды мақсат еткен жандардың бірі – Гауһар Торғаева. Ол 2014 жылдан бастап Түркістан қалалық сотында судья қызметін атқаруда. Адамның құқығы мен бостандығын қорғау, даудың ақ-қарасын анықтау, қара қылды қақ жарып, әділ шешім шығару – судьяларға міндет. Сондықтан, кешегі дана билердің жалғасы бүгінгі сот саласы қызметкерлерінде міндет салмақты, жауапкершілік мол.

Ашықтық пен жариялылық сот жүйесінің басты ұстанымы. Қазіргі таңда сот залдары аудио,бейнежазбамен толық жабдықталған. Бұл саладағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға жол ашады. Сондай ақ, процестерді онлайн өткізуге де мүмкіндік бар. Осы арқылы фемида қызметкерлері  Пандемия кезінде де дамылдаған емес. 

Елімізде азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ету жұмыстары жыл санап жетілдіріліп келеді. Судьялардың беделі мінсіз, ал қызметкерлерді іріктеу жүйесі айқын және ашық болуы үшін көптеген жұмыстар атқарылуда.