Қазығұрт ауданының шаруалары жылыжай саласы бойынша мол өнім алуда

279
25.06.2022 10:00

Қазығұрт ауданының шаруалары жылыжай саласы бойынша мол өнім алуда. Қазір диқандар жыл басында егілген өнімдерін жинап алды. Ендігі мақсат алдағы уақытта жерді өңдеп екінші рет егін салу. Жылыжайға егілген көкөністі өңірдің күн райына бейімдеумен қатар, оны өсіріп, өндірудің де өзіндік қыр-сыры бар. 

Қазығұрттық шаруалар егін даласында жаңа технологияларды енгізу арқылы өнім көлемін арттырған. Сондай кәсіпкерлердің бірі Бақтыгерей Құрбанов. 1 гектар жылыжайға қызанақ егу арқылы жылына 120 тонна өнім алып отыр.

Аудан көлемінде 45 гектар жерге тамшылатып суғару әдісі енгізілген. Атқамінерлердің айтуы бойынша бұл жылғы жоспар 89,1 пайызға орындалып отыр. Жылыжай саласы бойынша алынған өнімнің түсімділігі 170 мың тонна. 

Алдағы уақытта шаруалар заманауи технологияларды қолданысқа енгізу арқылы су ресурстарын үнемдеуге баса назар аударуда. Себебі жер бедері қолайсыз орналақан аймақ үшін егін алқабына су жеткізіп беру ең қиын шаруа.