606 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Орынбасардың кезекті отырысында ведомствоаралық өңірлік топтар жұмысының нәтижелері қаралды. Жалпы жұмыс комиссиясының қызметі басталғаннан бері мемлекетке 606,6 мың гектар ауыл шаруашылығы жері қайтарылды. Жалпы биылғы жылдың өзінде наурыз айынан бастап заңсыз жер пайдаланушыларға қатысты 224 жоспардан тыс тексеру тіркелген. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлермен қамтамасыз ету мәселелері үкіметтің ерекше бақылауында. Сондай ақ, осы бағыттағы жұмыстары жалғасын табады.
️