Қазақстан интернеті ең арзан елдердің ТОП ондығына кірді. Салыстырмалы түрде, қазақстандықтар 1 ГБ мобильді интернет үшін айына небәрі 0,8 доллар төлесе, көршілес Өзбекстанда -1,3 Тәжікстанда- 3 жарым АҚШ көкқағазын жұмсайды. Ал интернет тарифі 17,5 долларға жеткен Түрікменстан, Африка елдері аутсайдерлер қатарында. Айта кетейік қазақстандағы әрбір бес тұтынушының төртеуі смартфон, планшет, ноутбук сынды техниканы пайдалануға дағдыланған. Осы ретте ұялы телефондармен қамтамыз ету 99,4%-дық көрсеткішке ие.
️