Түркістандағы ағын су тапшылығы мәселесі шешімін табуда

286
16.06.2022 06:36

Түркістан облысының құрылғанына биыл төрт жыл. Шөлейтті өлкенің табиғаты осы 48 айдың ішінде адам танымастай өзгерді. Айналасы жасыл желекке оранды. Түрлі ағаштар мен гүлдерді жайқалтуға әрине, ең бірінші су керек. Өңірде бұл мәселе өзектілігін жоғалтпаған. Алайда қажырлы еңбектің арқасында бұл түйіткілдің де түйіні тарқатылып келеді. 

Бұл кеңсай қосқорған 2 су қоймасы. Аумағы 200 гектар. Кешен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен салынған. Құрылыс жұмысы 2020 жылдың 5-ші мамырында басталған нысан қазірде пайдалануға берілді. Жасанды көлдің шарапатын Қаратаудың етегінде жатқан Сауран, Кентау қаласының шаруалары көріп жатыр. 

Шамурза Мажитов, шаруа: 

- Бір жылдың ішінде біздің ауылға 10 км ден көп канал салынды. Қазір біздің шаруалардың көңілдерінен шығып жатқан жайы бар. Өмірзақ Естайұлына шаруалар үлкен рахметін айтып жіберді.

Су қоймасын салуға 4 млрд 100 миллион теңге жұмсалған. Нысан өңірдегі ағын су тапшылығы мәселесін шешуімен қатар, туризмді дамытуға да септігін тигізбек. Өйткені Оңтүстік халқының жазда келіп жағажайда демалуы үшін осында барлық жағдай жасалуда. Сонымен қатар спортшылардың да келіп жаттығуына мүмкіндік беріледі.  

Сондай-ақ өңірде ауыз су мәселесіде оң шешімін тапқан. Мәселен 2021 жылы 8-елдімекен тіршілік нәрімен қамтамасыз етілген. Бұл туралы орталық коммуникация орталығында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты.

Табиғаты құрғақ, жазы ыстық, аңызақ желді өлкені көгалдандыру – күрделі мәселе. Түрленген Түркістанның жасыл белдеуін сақтап, егілген көшеттерді жерсіндіру үшін қолайлы жағдай жасау әзірге күн тәртібінен түспей тұр.