Мешіт дәретханасын тазалап жүрген қарияға қайырымды жан қажылыққа жолдама сыйлады

555
15.06.2022 07:36

Қажылыққа жолдама. Бейтаныс жігіт дәретхана тазалап жүрген қарияға ұлы сапарға жолдама берді. Ол ер адаммен әңгімелесіп,  артынша оған қажылық сапарға  сертификат табыстаған.

Бейтаныс жігіт: 

- Жүрегі мешітке байланған деген – бес уақыт намазын мешітте оқыған адам емес, осы жерде қызметте болған адам. Алла тағала сізді қасиетті жерге қонаққа шақырып жатыр. Мынау сізге сертификат. Үлкен қажылыққа лайықтысыз. Маған алғыс айтпаңыз, Аллаға рахмет айтыңыз, біз жай ғана себепкерміз. Жылап алыңыз, бұл қуаныштың көз жасы.

Мұндайды күтпеген мешіт қызметкері көзіне жас алды. Жігіттің бұл әрекеті желі қолданушыларын сүйсінтті. Көптің жүрегін елжіреткен оқиға қай жерде болғаны белгісіз.