Еліміздің бірнеше өңірінде коммуналдық қызмет бағасы төмендеді. Бұл шешім табиғи монополияларды реттеу комитетінің талдау нәтижесінде бекітілді. Тексеріс кезінде 30 ірі монополист компаниялар өз міндеттерін орындамаған. Нұр-Сұлтан , Алматы облысы мен ШҚО, Жамбыл , Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстарында жалпы сомасы шамамен 4,3 млрд теңгеге төмендетілген тарифтер бекітілді. Ол коммуналдық 4 қызмет бойынша жүзеге асады. Тізімде жылу және сумен жабдықтау, су бұру мен электрмен жабдықтау қызметі бар. Талдау және тексеріс жұмыстары республиканың енді басқа өңірлерінде де жалғасын таппақ.
️