Қазығұрт ауданы халықты жұмыспен қамту бойынша облыста алдыңғы қатарда тұр

501
09.06.2022 06:38

Қазығұрт ауданы халықты жұмыспен қамту бойынша облыс көлемінде алдыңғы қатарда тұр. Бір ғана ауданға қарасты Қарақозы Абдалиев ауылында биыл 50-ге жуық кәсіпкер мемлекеттен жеңілдетілген несие мен қайтарымсыз грант алып өз кәсібін дөңгелетіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артық екенін айтады мамандар. 5 мыңға жуық тұрғыны бар ауылда еңбекке етене араласуға ынталы жандар көп. Ондай азаматтарға бар жағдайды жасаймыз дейді ауыл әкімі.