Желіде жәшікке бюллетень салудың ескі видеосы тарап жатқаны анықталды. Бұған қоса, бейнежазбаның бүгін республикалық референдум барысында түсірілгені айтылды. Бұл – жалған ақпарат, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz ресурсының мәліметінше, Шын мәнінде, бұл видео 2009 жылы Қырғызстандағы президенттік сайлау кезінде түсірілген. Оны желіден тауып, көруге болады. Қолданушылардың жазуынша, заң бұзушылық Бақай ата ауданындағы сайлау учаскесінде жасалған.
️