Биыл 5679 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері республикаға келген қандастардың жартысынан көбі яғни 68,7 % көршілес Өзбекстаннан, 10,4%- Қытайдан, 2,6% Моңғолиядан қоныс аударған. Олар негізінен Түркістан, Алматы және Жамбыл облыстарына тұрақтаған. Ведомствоның есебі бойынша, еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 11,4%- жоғары, 40,3%-орта кәсіби, 46,6%-жалпы орта білімді, ал 1,7%-ның білімі жоқ. Жалпы 1991жылдан бері елімізге 1 млн 93,5 мың этникалық қазақ оралған.
️