Референдум - тарихи саяси шешім

289
01.06.2022 09:05

Референдум —ел дамуының барлық саласына серпін береді. Алдымен жергілікті атқарушы билік жүйесі реттеледі.  Бұл өз кезегінде еліміздің инфрақұрылымдық дамуына, әсіресе жол сапасына да жауапкершілікті арттырады, дейді жолшы мамандар. 

Конституция — еліміздің басты құжаты. Соның 3 тен біріне, яғни 33 бабына 56 өзгеріс енгелі тұр.  Сол өзгерістер халық талқысына түспек. Бұрын Ата—Заңға өзгеріс енгізетінеболса  халықпен еш ақылдаспай, Парламент депутаттары дауыс бере салатын. Енді міне жаңа өзгерістерді халықтың дауысына салуының өзі—оң өзгеріс деп ойлаймын. Өйткені Конституцияны өзгертпей Жаңа Қазақстанды құра алмаймыз. Сондықтан 5 маусымда әр қазақстандықты Референдумға баруға шақырамын.