Алматыда қаңтар оқиғасынан зардап шеккен көліктердің өтемақысы төленді

300
29.04.2022 06:10

Алматы әкімдігі қаңтар оқиғалары кезінде бүлінген көлік иелеріне 258 миллион теңге төледі. Оған дейін автокөлік иелерінен шығынды өтеу туралы 99 өтініш түскен. Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, бүлінген және жанып кеткен көліктер жөнінде тағы 45 өтінім бар. Ал олар бойынша төлемдерді осы жылдың 15-мамырына дейін жүргізу жоспарлануда. Өтініштерді аудандық әкімдіктер түскен күннен бастап 1 ай ішінде қарайды. Келтірілген шығынды бағалауға 1 апта мерзім белгіленеді сондай-ақ зардап шегушінің өзі таңдаған тәуелсіз сарапшылар жүргізеді.