Елордада белгісіз ер адам 16 жастағы қызға әлімжеттік көрсетпек болды. Кешкі сағат 9 шамасында болған оқиға подъездегі бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Онда қыздың соңынан аңдып отырған ер адам оны екіші қабатқа шыққанда ұстап алғаны көрінеді. Бірақ, жасөспірім өз пәтеріне дейін қашып құтылған. Оқиға туралы полицияға қыздың әкесі хабарлапты. Қазір қаскөйді тәртіп сақшылары іздеп жатыр. Бейнежазба да егжей-тегжейлі тексерілуде. Оқиға Полиция департаменті басшылығының бақылауында.
️