Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру жоспарлануда

386
14.04.2022 05:25

Семей ядролық қауіпсіздік аумағы құрылады. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді. Оның айтуынша полигон жабылғалы бірқатар мәселелер туындаған. Полигонның нормативтен тыс ластанған жерлерін оңалту және қайта қалпына келтіру жұмыстары бүгінге дейін жүргізілмеген. Нәтижесінде полигон маңындағы жарамды жерлер пайдаланусыз қалып келеді. Заң жобасы аясында бұрынғы полигонның ластанған учаскелерін оңалту, аймақ аумағында радиациялық жағдайға мониторинг жүргізу, бұрынғы полигонның шартты таза жерлерін шаруашылық айналымға беру қарастырылған.