Мал қырылып жатыр

256
02.06.2021 21:14

Маңғыстау облысында қуаңшылық салдарынан 3 айда мың жарымға жуық бас мал қырылып қалған. Биыл өңірде жаңбыр жаумай, төрт түлікке талғажау болатын шөп шықпапты. Салдарынан шаруалар мал азығын қымбатқа сатып алып жатыр. Басқа өңірлерден тасымалданатын жем-шөптің бағасы да шарықтап кеткен. Осыған байланысты шаруалар аймақта төтенше жағдай жариялауды сұрайды. Себебі жемнің жоқтығынан  жайылымға шыққан жануарлар жолай өліп қалып жатыр екен. Жылқылардың қалай арып-ашығаны әлеуметтік желіге жарияланған видеодан көруге болады.  Жағдайды көзбен көрген өңірдің әкімдігі жем-шөп сатып алу үшін облыстық бюджеттен 117 млн теңге бөліпті. Бұл қаражатқа Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарынан мал азығы әкелінеді деп жоспарланып отыр.