Елде шағын кәсіп иелерін негізсіз тексеру жиілеуде

416
08.04.2022 04:55

Қадағалау органдары  шағын бизнестегілердің шамына тиюде. Мәселен өткен жылы шағын кәсіпкерлердің үстінен 9 мыңға жуық әкімшілік іс қозғалды. Оның әрбір 5-іншісі кәсіпкерлердің құқықтарын бұза отырып жүргізілген. Негізсіз тексерулерден қажыған олардың жан айқайын сенат отырысында депутат Андрей Лукин қозғады. Халық қалаулысы Арнайы тексеру барысында  12 мыңнан астам қателік жіберген бақылау қызметкерлерінің өзін бақылауға алуға керек дейді.