Елорда маңында 12 автокөлік соғысты

367
25.03.2022 05:33

Елордада ауа райының қолайсыздығынан бір тәулікте 123 жол көлік апаты тіркелді. Ең ірі транспорт құралдарының қақтығысы кеше 14:30 да Қосшыдан Нұр-Сұлтанға барар тас жолда болған. Мұнда 12 автакөлік соқтығысқан. Темір тұлпарлардың соқтығысуына жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асырғаны себеп. Қуанышқа орай қаза болғандар жоқ. Айта кетейік табиғаттың тосын мінезінен Еліміздің 4 өңірінде көлік қозғалысына тыйым салынған. Атап айтқан Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында бірнеше республикалық жолдар жабық тұр.