Түркістан облысында ірі жол-көлік апаты болды. Сарыағаш ауданынан өтетін республикалық маңызы бар «Жетісай-Жібек жолы» тас жолының 201 шақырымында «NISSAN» автокөлігі қарама-қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан Литвалық «MAN» маркалы автокөлік тасымалдаушы жүк көлігіне соқтығысқан. Қақтығыстан тағы бір темір тұлпар зардап шеккен. Апат кесірінен «NISSAN» көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Оқиғаның толық мән-жайы анықталу үстінде. Жалпы, Өткен жылы елімізде 40 мыңнан аса адам жол апатынан көз жұмған. Осыны айтып сенатор Ақмарал Әлназарова дабыл қақты. Себебі жағдай 2020 жылғы көрсеткіштен 30 процентке жоғары. Депуттаттың айтуынша, статистикалық деректің артуына бірнеше фактор себеп. Бұл жол инфрақұрылымының сәйкес келмеуі, жүргізуші куәліктерін беру кезіндегі бақылаудың нашарлығынан. Полицейлердің алғашқы медициналық көмек көрсетудегі практикалық дағдыларының жеткіліксіздігі де сеп болып отыр дейді.
️